Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 16.10.2019 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Су кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.
2 Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық | Қызылорда облыстық |
мәслихатының | мәслихатының |
39-сессиясының төрағасы | хатшысы |
Р. Байназарова | А. Әлназарова |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 300 шешiмiне 1-қосымша |
Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Сырдария өзені және Арал теңізі бассейнінде арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
1 | Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 38,8 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда | теңге/1000 текше метр | 109,3 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000текше метр | 1,0 |
4 | Су көздерінен су алатын тоғандық шаруашылықтар | теңге/1000 текше метр | 30,2 |
5 | Су энергетика | теңге/1000 кВт.сағ | - |
6 | Су көлігі | теңге/тонна шақырым | 4,3 |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 300 шешiмiне 2-қосымша |
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4158 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2006 жылғы 21 шілдеде жарияланған.);
2. "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 325 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4170 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2007 жылғы 20 қаңтарда жарияланған.);
3. "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 374 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4188 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2007 жылғы 15 мамырда жарияланған.).