Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 16.09.2015 N 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы XXVII сессиясының N 299 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4158 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2006 жылғы 21 шілдеде жарияланған, "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы XXXI сессиясының N 325 шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4170 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2007 жылғы 20 қаңтарда жарияланған енгізілген өзгерісімен) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
реттік нөмірі 3-жолындағы "2,0" саны "0,10" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қызылорда облыстық |
мәслихатының хатшысы |