1. 2015 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Р. Бохановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда қала әкімдігінің 2015 жылғы "29" қаңтардағы № 2820 қаулысына қосымша |
2015 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.2. Отбасында бірде-бірі жұмыс істемейтін тұлғалар.
3. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
4. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.