2015 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 2820 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 ақпанда № 4873 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Р. Бохановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қала әкімдігінің
2015 жылғы "29" қаңтардағы
№ 2820 қаулысына қосымша

2015 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      2. Отбасында бірде-бірі жұмыс істемейтін тұлғалар.
      3. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
      4. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады