Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі N 188 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда N 5105 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 31.12.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 31.12.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Жарылқапқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Жарылқап

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "21" шілдедегі
№ 188 қаулысына қосымша

Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 31.12.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларынан оқушы- балалар

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы - балалар

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

6

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

7

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.


Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размер льгот по Казалинскому району

Постановление Казалинского районного акимата Кызылординской области от 21 июля 2015 года N 188. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 18 августа 2015 года N 5105.

      Сноска. Заголовок – в редакции постановления Казалинского районного акимата Кызылординской области от 31.12.2024 № 221 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 48 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года "О физической культуре и спорте" акимат Казалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить перечень категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размер льгот по Казалинскому районусогласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления Казалинского районного акимата Кызылординской области от 31.12.2024 № 221 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Казалинского района Жарылкап Б.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


акима района

Б. Жарылкап

      Прилжожение к постановлению

      акимата Казалинского района

      от "21" июля 2015 года № 188

Перечень категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размер льгот по Казалинскому району

      Сноска. Приложение – в редакции постановления Казалинского районного акимата Кызылординской области от 31.12.2024 № 221 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Категории граждан

Размеры льгот

1

Дети до 7 лет

Бесплатно

2

Дети – школьники из многодетных семей

Бесплатно

3

Дети школьники из детских домов

Бесплатно

4

Спортсмены ветераны

Бесплатно

5

Школьники

Льготы в размере 50% от стоимости оказываемых спортивных и физкультурно-оздоровительных услуг

6

Студенты

Льготы в размере 50% от стоимости оказываемых спортивных и физкультурно-оздоровительных услуг

7

Пенсионеры

Льготы в размере 50% от стоимости оказываемых спортивных и физкультурно-оздоровительных услуг

      Примечание: Данный перечень распространяется на государственные физкультурно-оздоровительные и спортивные сооружения.