"Қазалы ауданы бойынша мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 221 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 8577-11 болып тіркелді

      Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазалы ауданы бойынша мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5105 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкіміМ. Шермаганбет

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 221 қаулысына қосымша

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "21" шілдедегі
№ 188 қаулысына қосымша

Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларынан оқушы- балалар

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы - балалар

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

6

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

7

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады