Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 31.12.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 31.12.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Жарылқапқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Жарылқап |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "21" шілдедегі № 188 қаулысына қосымша |
Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 31.12.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 | Көп балалы отбасыларынан оқушы- балалар | Тегін |
3 | Балалар үйлерінен оқушы - балалар | Тегін |
4 | Спорт ардагерлері | Тегін |
5 | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
6 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
7 | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.