Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 28.04.2017 № 474 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қыркүйегіндегі № 516 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 13 қазанында № 4770 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2014 жылы 5 қарашадағы № 85 (9339) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары А.Қаржаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "11" маусымдағы № 737 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері
№ | Мекенжай |
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері бір шаршы метріне айына |
1 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі, № 19 үй, 4 пәтер | 40,62 |
2 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі, № 21 үй, 11 пәтер | 41,00 |
3 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі, № 1 үй, 5 пәтер | 46,89 |
4 | Жосалы кенті, Хамза Жомартов көшесі, № 7 үй, 8 пәтер | 47,24 |
5 | Жосалы кенті, Абай Құнанбаев көшесі, № 102 үй, 4 пәтер | 46,66 |
6 | Жосалы кенті, Абай Құнанбаев көшесі, № 96 үй, 5 пәтер | 43,29 |
7 | Жосалы кенті, Смағұл Ысқақов көшесі, № 33 үй | 154,78 |
8 | Жосалы кенті, Смағұл Ысқақов көшесі, № 37 үй | 154,78 |
9 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі, № 26 үй, 11 пәтер | 73,27 |
10 | Жосалы кенті, Ерназар Сексенбаев көшесі №21 үй, №4 пәтер | 70,24 |
Ескерту: Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агентттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелінді.