Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 24.06.2016 № 835 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "22" желтоқсандағы № 688 қаулысымен бекітілген |
"Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттің атқарылу есебі және бюджеттік есебі, коммуналдық меншікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар ҚР елтаңбалы мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, С.Сейфуллин көшесі №69/1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан бюджетiнiң атқарылуын талдау және ауданның коммуналдық меншiгiн басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызмет болып табылады.
15. Міндеттері:
1) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
2) аудан бюджетiн қалыптастыру және оның атқару процесiн жетiлдiру;
3) аудан көлемiндегi коммуналдық меншiктi басқару, мемлекеттiк сатып алу мониторингiн жүргiзу және есебiн алу.
16. Функциялары:
1) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
2) аудан бюджетiнiң атқарылуына талдау жасау, аудан бюджетi жобасының негiзгi көрсеткiштерiн анықтау;
3) салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
5) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдау;
6) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзу;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалға (жалдауға), сенiмгерлiк басқаруға беру;
8) аудандық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
9) ауданның жергiлiктi атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
10) аудандық коммуналдық мүлiктi аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп беру;
11) аудандық коммуналдық мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдау;
12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, мүлiктiк жалға (жалдауға), өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiмдер қабылдау;
13) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастыру;
14) сенiмгерлiкпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мiндеттемелердi орындауын бақылауды жүзеге асыру;
15) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асыру, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тарту, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу - сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
17) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттілігі:
1) бөлiм қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiгiн белгiлейдi;
2) өз құзыреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
3) бөлім актілеріне қол қояды;
4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
6) бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;
7) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.