Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

Маңғыстау облысы мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/354 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 сәуірде № 2668 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 3/50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.05.2021 № 3/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Облыстық маслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/196 "Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2346 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) күші жойылсын.

      3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Дербісов

Облыстық


мәслихат хатшысы

Б. Жүсіпов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы

      және ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С. Қабиев

      27 ақпан 2015 жыл.

      "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

      Бейнеу аудандық Ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Қ.С. Ақшабаев

      27 ақпан 2015 жыл.

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық

      бақылау және қадағалау

      комитетінің Бейнеу аудандық

      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Қ.Д. Байбатыров

      27 ақпан 2015 жыл.

      Ескерту. Келісу парағына өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 22/354 шешімімен бекітілген

Бейнеу ауданының елдi мекендерiнің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасақталған.

      2. Қағида Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртiбiн реттейдi.

2. Иттер мен мысықтарды тiркеуге алудың тәртiбi

      3. Иттер үш айлығынан бастап, мысықтар екi айлығынан бастап "Бейнеуветсервис" мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорнында (бұдан әрi – "Бейнеуветсервис" МКК) тiркелуге жатады.

      4. Тіркеу барысында иттер мен мысықтардың иесі осы Қағида талаптарымен таныстырылады. Жануарлар иелерінің танысқандығы туралы жазба Тіркеу кітабына қол қоюмен куәландырылады.

      5. Тіркеуден өткен иттер мен мысықтарға жануарлар иелерінің есебінен белгіленген үлгідегі ветеринарлық паспорт беріледі.

      6. Ит пен мысықты тіркеуден өткізу және қайта тіркеу кезінде иелері келесідей мәліметтерді ұсынады:

      иесінің жеке басын куәландыратын құжаты;

      мекен-жайы, байланыс телефоны;

      ит немесе мысықтың туылған күні, түрі, түсі, жынысы, лақап аты, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.

      7. Иттер және мысықтар сатылған, жоғалған, өлген, басқа тұлғаға берiлген жағдайларда жануарлардың иесi оларды есептен шығару немесе қайта тiркеу үшiн екi апталық мерзiмде "Бейнеуветсервис" МКК-ге хабарлауы қажет. Иттер мен мысықтардың иелерi мекен-жайын өзгерткен жағдайда жануарлар 15 жұмыс күн iшiнде тiркелуге жатады.

3. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртiбi

      8. Иттердің түрлеріне қарамастан үш айлық жасынан бастап, құтырмаға және эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша лептоспирозға, микроспорияға, обаларға қарсы егілуге, сонымен қатар гельминттерге тексерілуге немесе профилактикалық дегельминтизациялауға жатады.

      9. Мысықтар екі айлық жасынан бастап адамдар мен жануарлар үшін жалпылама бірдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егілуге, гельминттерге тексерілуге жатады.

      10. Егер иттер мен мысықтардың иесі заңды тұлға болса, онда оларға иттер мен мысықтарды асырауға жауапты адам тағайындалады.

      11. Иттер мен мысықтардың иесі дер кезінде, осы Қағидамен белгіленген мерзімдерде, міндетті ветеринариялық шараларды өткізеді, жануарлардың карантиндік режимін сақтайды, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізеді.

      12. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда жүргізіледі:

      бір ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;

      бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі тұрған аумағында (пәтердегі барлық тұрғындардың жазбаша келісімімен);

      кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, көп пәтерлі үйлерде, бақ шаруашылықтарында, азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінде, демалыс орындарында байлаулы күйінде немесе торда, қоршаған ортаға қауіп келтірмейтін және тыныштық сақтайтындай жағдайда болады.

      13. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасында ірі және орта тұқымды екіден көп емес үлкен иттер және алты айлық жасқа дейінгі төлдерді, үш мысық асырау ұсынылады.

      14. Иттер мен мысықтарды (көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа) көпшілік пайдаланатын орындарда (ас әзірлейтін бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы жайларда) және үй алдындағы аумақта (жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде асырауға жол берілмейді.

      15. Қонақ үйлерде қонақ үй әкімшілігінің рұқсатымен, жануарда ветеринариялық құжаты болған және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда иелерінің итімен немесе мысығымен бірге орналасуына жол беріледі.

      16. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорындағы үйлерде, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда осы аумақтың иесінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен асырауға болады. Иттер жануардың қашып кетуінен, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуылдауынан, жүргіншілерді мазалауынан сақтайтын қоршалған аумақта асыралуы тиіс. Осы аумақта иттің бар екендігі жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметрден кем емес көлемде, иттің бейнесі бейнеленген "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" ескерту болуы тиіс.

      17. Жеке тұрғын үй қорындағы үйлерде, егер гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық нормаларға сәйкес жануарларды асырау шарты сақталса үштен көп иттерді асырауға жол беріледі.

      18. Иттердi арнайы бекiтiлген, қоршалған жерлерде серуендету керек. Егер ондай жерлер болмаса, иттердi серуендету құла далада жүзеге асырылады.

      19. Рұқсат етiлмейдi:

      1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтар асырауға;

      2) балалардың аула алаңдарында, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында және қоғамдық шаралар өткізілетін жерлерде иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырсыз серуендетуге;

      4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, бұрқақ және бұлақ көздерінде иттер мен мысықтарды шомылдыруға.

      20. Қоғамдық орындарда жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз деп саналады және аулау мен жоюға жатады.

      21. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері байлаулы күйінде қалдырғандардан басқа иттер қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және өлген жануарларды жинау жөніндегі арнайы қызметтермен аулануға жатады.

      22. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жергiлiктi атқарушы органмен келiсiм-шарты жасалған ветеринария саласындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын жүзеге асырады.

4. Ит пен мысықты сату, сатып алу, сондай-ақ тасымалдау

      23. Ит пен мысықты белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ ветеринариялық анықтамасы мен құжаттарынсыз сатуға жол берілмейді.

      24. Сонымен бірге ит пен мысықты сату тек ит пен мысықтың жасы 2,5-3 айға толғанда уақытынан, тиісті ветеринариялық құжаттамасы болған кезде жол беріледі. Егер, ит пен мысық 2,5-3 айға толмаған кезде сатылса ветеринариялық паспорты болмаса, сатып алушыға күшіктің және мысықтың денсаулығының жағдайы жөнінде анықтама ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен беріледі.

      25. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ит пен мысықты жануарлар қоғамы (клубтар), питомниктер арқылы, зоодүкендерде және мамандандырылған базарларда сатуға және сатып алуға болады.

      26. Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағына шет мемлекеттерден немесе аудан елді мекендерінен тыс жерлерден ит пен мысықты алып келу және алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      27. Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағынан тыс жерге ит пен мысықты тасымалдау (орын ауыстыруы) және алып келу ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен берілетін арнайы үлгідегі ветеринариялық паспорты болған жағдайда рұқсат беріледі.

      28. Ит пен мысықты Бейнеу ауданының елді мекендерінен тысқары жаққа әуе, теміржол, сонымен қатар автомобиль көліктерімен тасымалдау осы көліктердің түрлерінде ит пен мысықты тасымалдау Қағидалары негізінде жүзеге асады.

5. Қағиданың сақталуын бақылау

      29. Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

6. Қорытынды ережелер

      30. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.

Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района

Решение Маслихата Мангистауской области от 27 февраля 2015 года № 22/354. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 09 апреля 2015 года № 2668. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 28 мая 2021 года № 3/50

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 28.05.2021 № 3/50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района.

      2. Признать утратившим силу решение областного маслихата от 10 декабря 2013 года № 13/196 "О Правилах содержания собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2346, опубликовано 27 января 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Руководителю аппарата Мангистауского областного маслихата (Сейбагытов Д.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

К. Дербисов

Секретарь


областного маслихата

Б. Жусупов


      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Бейнеуский районный

      отдел сельского хозяйства и ветеринарии"

      Кабиев С.

      27 февраля 2015 год.

      "Начальник государственного учреждения

      "Отдел внутренних дел Бейнеуского района

      Департамента внутренних дел

      Мангистауской области"

      Акшабаев К.С.

      27 февраля 2015 год.

      Руководитель государственного

      учреждения "Бейнеуская районная

      территориальная инспекция Комитета

      ветеринарного контроля и надзора

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан"

      Байбатыров К.Д.

      27 февраля 2015 год.

      Сноска. Лист согласования с изменениями, внесенными решением Мангистауского областного маслихата от 29.09.2017 № 13/159 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Утверждены
решением Мангистауского
областного маслихатаот
27 февраля 2015 года № 22/354
 

Правила
содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района
1. Общие положения

      1. Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      2. Правила регулируют порядок содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района.

2. Порядок регистрации собак и кошек

      3. Собаки с трехмесячного, кошки с двухмесячного возраста подлежат регистрации в государственном коммунальном предприятии "Бейнеуветсервис" (далее – ГКП "Бейнеуветсервис").

      4. При регистрации владелец собак и кошек знакомится с требованиями настоящих Правил. Запись об ознакомлении удостоверяется подписью владельца животного в Книге регистрации.

      5. После регистрации владельцам собак и кошек выдается ветеринарный паспорт установленного образца за счет владельца животного.

      6. Владельцами собак и кошек при регистрации и перерегистрации предоставляются следующие данные:

      документ, удостоверяющий личность владельца;

      домашний адрес, контактный телефон;

      порода собаки или кошки, пол, кличка, дата рождения, окрас, особые признаки или описание животного.

      7. При продаже, пропаже, гибели, передаче другому лицу собак и кошек владельцу животных в двухнедельный срок необходимо информировать ГКП "Бейнеуветсервис" для снятия их с учета или перерегистрации. При перемене местожительства владельцев собак и кошек животные подлежат регистрации в течение 15 рабочих дней.

3. Порядок содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек

      8. Собаки, начиная с трехмесячного возраста, независимо от породы, подлежат вакцинации против бешенства, чумы и по эпизоотическим показаниям против лептоспироза, микроспории, а также исследованию на гельминты, либо профилактической дегельминтизации.

      9. Кошки, начиная с двухмесячного возраста, подлежат вакцинации против инфекционных заболеваний, общих для животных и людей, по эпизоотическим показаниям против микроспории, исследованию на гельминтозы.

      10. Если владельцем собак и кошек является юридическое лицо, то им назначается лицо, ответственное за содержание и выгул собак и кошек.

      11. Владелец собак и кошек своевременно, в установленные настоящими Правилами сроки, проводит обязательные ветеринарные мероприятия, соблюдает карантинный режим животных, проводит мероприятия по ликвидации заразных болезней.

      12. Содержание и выгул собак и кошек осуществляется при условии соблюдения санитарно-гигиенических, зоогигиенических требований и настоящих Правил:

      в жилых помещениях, занятых одной семьей;

      в жилых помещениях, занятых несколькими семьями, лишь на своей жилой площади (с письменного согласия всех проживающих в квартире);

      при предприятиях, организациях и учреждениях, многоквартирных домах, садоводческих, некоммерческих объединениях граждан, базах отдыха на привязи или вольерах и в условиях, исключающих возможность причинения беспокойства и создания опасности для окружающих.

      13. Одной семье в квартире многоквартирного жилого дома рекомендуется содержать не более двух взрослых собак крупных и средних пород и трех кошек, приплодов до шестимесячного возраста.

      14. Не допускается содержание собак (кроме собак – поводырей для людей со слабым зрением) и кошек в местах общего пользования (кухни, коридоры, лестничные площадки, подвалы, чердаки, балконы и подсобные помещения), на придомовых территориях (кроме придомовых территорий домов индивидуального жилищного фонда), в гостиницах и в коридорах общежитий.

      15. Допускается поселение в гостинице владельца с собакой или кошкой по согласованию с администрацией гостиницы при соблюдении санитарно-гигиенических правил и наличии ветеринарного паспорта на животное.

      16. Собаки и кошки должны содержаться в домах индивидуального жилищного фонда, в здании и на прилегающей к нему территории только с разрешения владельца этой территории или с согласия другого правомочного лица. Собак необходимо содержать на территории, ограждение которой должно исключить побег животного, нападение на людей или других животных, нанесение укусов прохожим. О наличии собаки на территории должна сообщать табличка при входе размером не менее 20х30 сантиметров с изображением собаки с надписью "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!".

      17. Содержание более трех собак допускается в домах индивидуального жилищного фонда, если условия содержания животных соответствуют зоогигиеническим и санитарно-гигиеническим нормам.

      18. Выгуливают собак в специально отведенных, огороженных местах. Если таковых мест нет, выгул собак осуществляется на пустырях.

      19. Не допускается:

      1) содержать незарегистрированных (не состоящих на учете) и не вакцинированных собак и кошек;

      2) выгуливать собак и кошек на детских дворовых площадках, спортивных площадках, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений и в местах проведения общественных мероприятий;

      3) выгул собак без намордника и на длинном поводке;

      4) выгуливать собак и кошек лицам в нетрезвом состоянии и подросткам, не достигшим 14-летнего возраста;

      5) купать собак и кошек в местах, предназначенных для купания людей, в фонтанах и родниковых источниках.

      20. Собаки и кошки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными и подлежат отлову и уничтожению.

      21. Собаки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках и прочих местах), кроме оставленных владельцами на привязи, считаются безнадзорными и подлежат отлову специальными службами по отлову бродячих собак и кошек и сбору трупов животных.

      22. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек осуществляется государственным коммунальным предприятием в области ветеринарии, заключившим договор с местным исполнительным органом.

4. Торговля, приобретение, а также перемещение собак и кошек

      23. Не допускается торговля собак и кошек в неустановленных местах, а также без ветеринарных справок и документов.

      24. Торговля, также приобретение собак и кошек допускаются только по достижении собак и кошек возраста 2,5-3 месяца, при наличии соответствующих ветеринарных документов. В случае, если собака и кошка были проданы до достижения ими 2,5-3 месяцев без ветеринарного паспорта, покупателю щенка и кошки справка о состоянии здоровья выдается физическими и юридическими лицами, осуществляющими предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.

      25. В соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан разрешается торговля и приобретение собак и кошек через фонды (клубы) животноводов, питомники, зоомагазины и специализированные базары.

      26. Ввоз и вывоз собак и кошек за пределы населенных пунктов района или из зарубежных государств на территории населенных пунктов Бейнеуского района проводятся с согласия уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и в порядке, установленном законодательством Республики Казахстана.

      27. Перевозка (перемещение) собак и кошек за пределы населенных пунктов Бейнеуского района и ввоз разрешаются при наличии специального ветеринарного паспорта особого образца, выданного уполномоченным государственным органом в области ветеринарии.

      28. Перевозка собак и кошек воздушным, железнодорожным, а также автомобильным транспортом за пределы населенных пунктов Бейнеуского района осуществляется на основании Правил перевозок собак и кошек на данных видах транспорта.

5. Контроль за соблюдением Правил

      29. Контроль за соблюдением Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района осуществляют государственные учреждения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Заключительное положение

      30. Ответственность за нарушение требований настоящих Правил определяется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.