Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 3/50 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23070 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы М. Аманиязова
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2021 жылғы 28 мамырдағы
  № 3/50 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/354 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2668 болып тіркелген).

      2. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы" 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/440 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2952 болып тіркелген).

      3. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №13/159 шешіміне қосымшаның 3 және 7 тармақтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3438 болып тіркелген).

      4. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/440 "Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 9 тамыздағы № 30/358 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3978 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады