Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.06.2016 № 165 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2686 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2015 жылы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына:
1 бөлімінің 2 тармағы алынып тасталсын.
қаулының қосымшасының 7 бөлімі 31 тармақпен толықтырылсын:
"31. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".
2. "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д.Сабытова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық ішкі саясат
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Сабытова Дина Жауымбайқызы
"04" қыркүйек 2015 жыл