Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Қарақия ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Қарақия ауданы әкімінің аппараты (А.Таубаев) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудан әкімі | Ә. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
А. У. Утарбаева
06.06.2016 жыл
"Қарақия аудандық ішкі саясат
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Сабытова Дина Жауымбайқызы
06.06.2016 жыл
Қарақия ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы 6 маусымдағы | |
№ 165 қаулысына қосымша |
Қарақия ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
1. 2014 жылғы 8 шілдедегі № 187 "Қарақия ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2482 болып тіркелген, 2014 жылдың 7 тамызында "Қарақия" газетінде жарияланған ).2. 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 316 "2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2922 болып тіркелген, 2016 жылдың 7 қаңтарында "Қарақия" газетінде жарияланған);
3. 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 236 "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 92 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2840 болып тіркелген, 2015 жылдың 7 қазанында "Қарақия" газетінде жарияланған).