РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140 бабының 2-тармағына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, уәкілетті мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2014 жылдың мамыр айынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
4. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбалаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |
КЕЛІСІЛДІ:
А.Сарбалаев
Е.Махмутов
Л.Жонасов
І.Есіркепов
Ә.Төлемісов
Р.Шабикова
"Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
16 наурыз 2015 жыл
Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыз № 67 қаулысына қосымша |
Маңғыстау ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:Таза табыс 500 000 теңгеге дейін | таза табыс сомасынан 3 пайыз |
Таза табыс 1 000 000 теңгеге дейін | таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза табыс 2 000 000 теңгеге дейін | таза табыс сомасынан 7 пайыз |
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін | таза табыс сомасынан 10 пайыз |
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін | 300 000 теңге+3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз |
Таза табыс 10 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 1 140 000 теңге+10 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз |
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 7 140 000+50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 20 пайыз |
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 47 140 000+250 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз |