Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 67 "Маңғыстау ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 434 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына
      1. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабының 2 тармағының алынып тасталуына байланысты, осы құқық нормасын іске асыру үшін қабылданған Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 67 "Маңғыстау ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2687 болып тіркелген, 2015 жылы 29 сәуірде "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Ұзақбай) осы қаулы туралы әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбалаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Ж.Айтуаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады