Түпқараған аудандың мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/206 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 2742 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      10 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы:

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы қазақстандық жауынгерлердің ұрыс және жерленген жерлерге, батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына бару үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелеріне 150000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде.".

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы: С. Қойшыбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы: А. Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М.Дощанов

      20 мамыр 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы:

      Ж.Төлеген

      20 мамыр 2015 жыл

О внесении дополнения в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Тупкараганского районного маслихата от 20 мая 2015 года № 30/206. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 17 июня 2015 года № 2742. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 10 декабря 2020 года № 50/369

      Сноска. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 10.12.2020 № 50/369(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2014 года № 1105 "Об утверждении Плана мероприятий по подготовке и проведению празднования в Республике Казахстан 70-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов", Тупкараганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года №17/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2330, опубликовано в информационно–правовой системе "Әділет" от 17 января 2014 года) следующее дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан:

      пункт 10 дополнить подпунктом 10) следующего содержания:

      "10) 70-ая годовщина Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов:

      ветеранам Великой Отечественной войны, членам семьи фронтовиков, погибших в Великой Отечественной войне для посещения мест боев и захоронений воинов - казахстанцев, городов - героев и городов воинской славы на территории Содружества Независимых Государств, в размере 150000 (сто пятьдесять тысяч) тенге.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Тупкараганского районного маслихата" (А.Избен) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официального опубликования в средствах массовой информации и размещения в информационно - правовой системе "Әділет".

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам Тупкараганского районного маслихата (председатель комиссии О.Абдирахманов).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии: С. Койшыбаев

      Секретарь районного маслихата: А. Досанова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Тупкараганский

      районный отдел занятости

      и социальных программ"

      М.Дощанов

      20 мая 2015 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Тупкараганский

      районный отдел экономики и

      финансов"

      Ж.Толеген

      20 мая 2015 года