«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 356 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларын», «ставкалары» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелері» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы ставкаларында:
кестеде:
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын.
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 404 «Мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 356 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі жойылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрайымы А. Сапарова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
КЕЛІСІЛДІ:
«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Қ. Төлеубаев
2015 жылғы 31 шілде