Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 451 "Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4312 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрлігі Су | |
ресурстары комитетінің Су | |
ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі | |
Тобыл-Торғай бассейндік | |
инспекциясы" республикалық | |
мемлекеттiк мекемесінің басшысы | |
________________ Г. Оспанбекова | |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық | |
экономика министрлігі Тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау комитетінің | |
Қостанай облысы тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау департаменті" | |
республикалық мемлекеттік мекемесі | |
басшысының міндетін атқарушы | |
_______________ В. Нечитайло |
Әкімдіктің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 318 қаулысына қосымша |
Әулиекөл ауданындағы Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймағының мөлшері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
Ұңғымалар: № 01э (0907) | Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 50 метр | 3,14 гектар | Ұзындығы – 258 метр Ені – 244 метр | 25,2 гектар | Ұзындығы – 2405 метр Барынша ені – 2620 метр | 630 гектар |
№ 02э (0908) | Ұзындығы – 258 метр Ені – 244 метр | |||||
№ 03э (0909) | Ұзындығы – 258 метр Ені – 244 метр | |||||
№ 04э (0916) | Ұзындығы – 258 метр Ені – 244 метр |
Ескерту: "Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймағының шекарасы көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Мерей" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).