Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 451 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4312 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 318 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 31.07.2015 № 318 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      _______________ С. Байменова

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова

Әкімдіктің       
2013 жылғы 16 қазандағы 
№ 451 қаулысына қосымша 

Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1э
ұңғыма

Радиусі -
50 метр

0,8
гектар

Радиусі –
240 метр

18
гектар

Радиусі -
1698 метр

90,5
гектар

      Ескерту: "Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Мерей" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады