1. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1999 жылғы 2 шілдедегі "Қостанай қаласының шегін өзгерту жайында" бірлескен шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 110 тіркелген, 1999 жылғы 8 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 30 қыркүйекте "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімі және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"
2. Осы қаулы мен шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Сессия төрайымы | Г. Ахметова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |