Облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 2 шілдедегі "Қостанай қаласының шегін өзгерту жайында" бірлескен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 7 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 472 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6183 болып тіркелді

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1999 жылғы 2 шілдедегі "Қостанай қаласының шегін өзгерту жайында" бірлескен шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 110 тіркелген, 1999 жылғы 8 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 30 қыркүйекте "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімі және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"
      2. Осы қаулы мен шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
      Сессия төрайымы Г. Ахметова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады