Қостанай қаласының шегін өзгерту жайында

Жаңартылған

Қостанай облыстық мәслихаты мен облысы әкімінің міндетін атқарушының (он тоғызыншы сессия) 1999 жылғы 2 шілдедегі шешімі. Қостанай облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 26 тамызда N 110 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімі және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 11.12.2015 № 7 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 472 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Үкіметінен мыналар сұралсын:
      - Қостанай қаласының шегіне Жамбыл ауылдық округінің "Тепличное" ауылының аумағын, "Ақ-құдұқ" ЖШС 420 гектар жерін және Қостанай ауданы "Майкөл" ӨК 83 гектар қосу;
      - Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының атқарушы және уәкілетті органдары ұсынған схемалық картасына сәйкес Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының жаңа шекараларын бекіту.

Сессия төрағасы  Н. Алашбаев

Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы В. Мейстер

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы  В. Семенова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады