"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 241 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 5366 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 2513 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 18.08.2017 № 2513 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы (Ж.И. Наметов) жоғарыда аталған Ережені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органында тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Ахметжанов

  Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 5 ақпандағы
№ 241 қаулысына
қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласындағы құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органы болып табылады.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 40.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері.

      14. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыру, тұрғын үй қоры және басқа қалалық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізуді және пайдалануды ұйымдастыруға жәрдемдесу және қатысу.

      15. Міндеттері:

      1) тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік бағдарламарға сәйкес қалалық объектілерді салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жылдық және перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;

      2) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      16. Функциялары:

      1) конкурстық негізде барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      2) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерді, су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және қаланың басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылымдары объектілерін салуды ұйымдастырады;

      3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) қаладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен қоғамдық құрылымдардың басшыларымен келісіп, олардың мамандарын конкурстық комиссияларда, тексерістерде, сараптама жасағанда қатысу үшін тартуға;

      3) өз жұмысын атқару кезінде энергетика, құрылыс объектілері мен кәсіпорындарына, жол, су және тұрғын үй коммуналдық объектілерге баруға;

      4) өз құдыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

      5) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

      2) мемлекеттік мекеменің мүддесін барлық ұйымдарда ұсынады;

      3) заңмен белгіленген жағдайда және шегінде мүлікке өкімдік етеді;

      4) шарттар жасасады;

      5) сенімхаттар береді;

      6) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығы ие;

      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тәжірибе, қызметкерлерді оқыту орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың басқа түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларын бекітеді;

      8) мекеменің барлық қызметкелері үшін міндетті бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;

      9) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;

      10) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сыйақы береді және тәртіптік жаза қолданады;

      11) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі орынбасарының және өзге де қызметкерлерінің міндеттері және өкілеттілік шегін белгілейді;

      12) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел строительства акимата города Костаная"

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 5 февраля 2015 года № 241. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 11 февраля 2015 года № 5366. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 18 августа 2017 года № 2513

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 18.08.2017 № 2513 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел строительства акимата города Костаная".

      2. Исполняющему обязанности руководителя государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" (Наметов Ж.И.) обеспечить регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким А. Ахметжанов

  Утверждено
постановлением
акимата города Костаная
от 5 февраля 2015 года
№ 241

Положение
о государственном учреждении
"Отдел строительства акимата города Костаная"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере строительства в городе Костанае.

      2. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      7. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 110000, Республика Казахстан, Костанайская область, город Костанай, улица Толстого, 40.

      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная".

      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" осуществляется из местного бюджета.

      13. Государственному учреждению "Отдел строительства акимата города Костаная" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная".

      Если государственному учреждению "Отдел строительства акимата города Костаная" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции,
права и обязанности государственного органа

      14. Миссией государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" является обеспечение формирования социальной, инженерной инфраструктуры города, содействие и участие в организации эксплуатации и мониторинг состояния жилищного фонда и других объектов городской инфраструктуры.

      15. Задачи:

      1) разработка годовых и перспективных программ по строительству, реконструкции и капитальному ремонту городских объектов в соответствии с бюджетными программами по жилищному строительству;

      2) организация и координация работ по строительству, реконструкции и капитальному ремонту объектов инженерной инфраструктуры.

      3) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      16. Функции:

      1) осуществление закупа работ и услуг у предприятий и организации всех форм собственности на конкурсной основе в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2) организация строительства жилья коммунального жилищного фонда, объектов сельскохозяйственного назначения, водопроводов, очистных сооружений, тепловых и электрических сетей и других объектов транспортной и инженерной инфраструктуры города;

      3) в пределах своей компетенции осуществление иных функций в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      17. Права и обязанности:

      1) вносить на рассмотрение акима города и городского маслихата предложения по решению вопросов, относящихся к компетенции государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная";

      2) привлекать специалистов предприятий, организаций, общественных формирований города, по согласованию с их руководителем, для проведения проверок и экспертиз, участия в конкурсных комиссиях;

      3) при осуществлении своих полномочий посещать объекты и предприятия энергетики, строительства, объекты дорожного, водного и жилищно-коммунального хозяйства;

      4) в пределах своей компетенции запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов и других организаций необходимые сведения, материалы и документы;

      5) государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" имеет иные права и обязанности, предоставленные ему действующим законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Отдел строительства акимата города Костаная" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" задач и осуществление им своих функций.

      19. Руководитель государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Костаная.

      20. Руководитель государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия руководителя государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная":

      1) действует от имени государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная";

      2) представляет интересы государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" во всех организациях;

      3) в случаях и пределах, установленных законодательством, распоряжается имуществом;

      4) заключает договоры;

      5) выдает доверенности;

      6) обладает правом первой подписи финансовых документов;

      7) утверждает порядок и планы государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      8) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная";

      9) принимает на работу и увольняет сотрудников государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная";

      10) принимает меры поощрения, и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная";

      11) определяет обязанности и круг полномочий своего заместителя и иных сотрудников государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная";

      12) осуществляет иные функции, в соответствии с действующим законодательством.

      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      22. Руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел строительства акимата города Костаная" относится к коммунальной собственности.

      25. Государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Костаная" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднения государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел строительства акимата города Костаная" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.