"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №241 "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5366 тіркелген, 2015 жылғы 24 ақпанда "Наш Костанай" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Жақыпов |