Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5140 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) патронаттық тәрбиешілердің ағымдағы шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлейді;";
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 19) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"19) Рудный қаласы әкімдігінің "Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.";
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 2 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Скарединаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Е. Скаредина |