Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.05.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағын орындау мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-142 тіркелген, 23 ақпан 2011 жылы "Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты және" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Бекмұхамедов |
КЕЛІСІЛДІ
Арқалық қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ А. Көбеков