Әкімдіктің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 350 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 5931 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.05.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағын орындау мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-142 тіркелген, 23 ақпан 2011 жылы "Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты және" деген сөздер алынып тасталсын;

      1-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Ғ. Бекмұхамедов

      КЕЛІСІЛДІ

      Арқалық қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______________ А. Көбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады