Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №347 "Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4268 тіркелген, аудандық "Әулиекөл" газетінде 2013 жылғы 31 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесін айқындау туралы";
2) көрсетілген қаулының 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.";
3) қосымшада тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";
мынадай мазмұндағы 36, 37 тармақтарымен толықтырылсын:
"36. жаттықтырушы;
37. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.".
2.пОсы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
3.иОсы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Балғарин