Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 347 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қазанда № 4268 болып тіркелді. Күші жойылды Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 25.01.2016 № 7 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 06.04.2015 № 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына және 238-бабының 3-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 06.04.2015 № 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                А. Балғарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Әулиекөл аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _________________ А.И. Бондаренко

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      Экономика және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" ММ басшысы
      _________________ Т.И. Печникова

Әкімдіктің          
2013 жылғы 2 қазандағы № 347 
қаулысына қосымша     

Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде
жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар
мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық
қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы
мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 06.04.2015 № 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 10.04.2014 № 86 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі;
      2. әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант;
      3. әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман;
      4. жұмыспен қамту орталығының маманы;
      5. жалпы білім беру және қосымша білім беру мектептерінің директорлары;
      6. мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      7. директордың оқу жұмысы, тәрбие жұмысы, бейін бойынша оқыту және қосымша білім беру жөніндегі орынбасары;
      8. мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
      9. мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;
      10. барлық мамандықтағы мұғалімдері;
      11. алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы;
      12. сектор бөлімшесінің (бөлімінің) бөлімше басшысы;
      13. әлеуметтік педагог;
      14. қосымша білім беру педагогы;
      15. педагог-психолог;
      16. аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      17. аға вожатый;
      18. сауықтыру лагерінің директоры (бастығы);
      19. әдіскер;
      20. өндірістік оқыту шебері;
      21. медбике;
      22. емдәмбике;
      23. әлеуметтанушы-талдаушы;
      24. интернат меңгерушісі;
      25. кітапхана меңгерушісі;
      26. кітапханашы;
      27. библиограф;
      28. суретші;
      29. музыкалық жетекшi;
      30. мәдени ұйымдастырушы;
      31. мұражай қорын сақтаушы;
      32. аккомпаниатор;
      33. хореограф;
      34. мал дәрігері;
      35. мал фельдшері;
      36. жаттықтырушы;
      37. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады