Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 207 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 5425 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 98 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 27.04.2022 № 98 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

      2. Мыналар:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі және әрбір кемтар балаға (балаларға) ай сайын көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 05.05.2020 № 295 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мәслихаттың 2013 жылғы 15 қарашадағы №118 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4322 тіркелген, 2013 жылғы 3 желтоқсанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жангелдин аудандық

мәслихатының кезектен тыс

сессиясының төрағасы

Т. Мырзагалиев

Жангелдин ауданының

мәслихатының хатшысы

С. Нургазин


      КЕЛІСІЛДІ

      "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту

      және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттiк мекемесінің басшысы

      ______________________ Л. Зейнекина

      2015 жылғы "26" ақпан

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Решение маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 26 февраля 2015 года № 207. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 марта 2015 года № 5425. Утратило силу решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 27 апреля 2022 года № 98

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 27.04.2022 № 98 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Джангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Возместить затраты на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее - дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежемесячно в размере восьми месячных расчетных показателей.

      2. Определить, что:

      1) возмещение затрат на обучение производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района";

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями, обучающихся на дому (далее - получатели);

      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление;

      документ, удостоверяющий личность получателя (для идентификации личности);

      заключение психолого-медико-педагогической консультации;

      справку об инвалидности;

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справку из учебного заведения, подтверждающую факт обучения ребенка-инвалида на дому.

      Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются получателю.

      4) возмещение затрат на обучение производится в течение соответствующего учебного года и оказывается ежемесячно на каждого ребенка (детей) с ограниченными возможностями.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 05.05.2020 № 295 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решение маслихата от 15 ноября 2013 года №118 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4322, опубликовано 3 декабря 2013 года в газете "Біздің Торғай").

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель внеочередной

сессии Джангельдинского

районного маслихата

Т. Мырзагалиев

Секретарь Джангельдинского

районного маслихата

С. Нургазин


      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель государственного учреждения

      "Отдел занятости и социальных программ

      Джангельдинского района"

      ______________________Л. Зейнекина

      "26" февраля 2015 года