Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 206 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 5442 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 253 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 253 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Т. Мырзагалиев

      Жангелдин ауданының
      мәслихатының хатшысы                       С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жангелдин ауданының  жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________________ Л.Зейнекина

      "Жангелдин ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________________Е.Биржикенов        

Мәслихаттың       
2015 жылғы 26 ақпандағы 
№ 206 шешiмiмен бекiтiлген

Тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы

1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жангелдин ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегін "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Жангелдин бөліміне (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізінде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
      Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
      4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
      5. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      6. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      7. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.
      8. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
      тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі;
      қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер негізінде жүргізіледі.
      9. Тұрғын үй көмегiн көрсету мәселелерi бойынша туындаған келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету
мөлшерiн анықтау

      10. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi, тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негiзге алғанда уәкiлеттi органмен анықталады.
      11. Белгiленген нормалар шегiнде отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстан он пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) бiр отбасы мүшесiне – көп бөлмелi тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн пайдалы алаңының 18 шаршы метрi және отбасына 9 шаршы метрiн қосымша;
      бiр бөлмелi тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшiн - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшiн де қолданылады.
      13. Есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн өтем шараларымен қамтамасыз етiлетiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңнамамен белгiленген тәртiпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргiзiледi.
      14. Коммуналдық қызметтердi тұтынатын есептегiш құралдары бар тұтынушылар үшін есеп айырысуға қабылданатын шығыстары, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетiлген соңғы тоқсандағы есептегiш құралдардың көрсеткiштерi негiзiнде, бiрақ есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн белгiленген коммуналдық қызметтер шығындары нормаларынан аспайтын нақты шығындармен анықталады.
      15. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бiр адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бiр адамға, 130 киловатт есебiнен, бiрақ нақты шығындардан асырмай жүргiзiледi.
      16. Осы Қағидамен белгiленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негiзінде жүргiзіледі

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру
және төлеу тәртібі

      17. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ нысаналы ағымдағы трансферттер қаражаты есебiнен (олар бөлiнген жағдайда) жүзеге асырылады.
      18. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының не қызмет көрсетушілердің немесе кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына тағайындалған сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады;
      шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.

Мәслихаттың    
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 206 шешіміне қосымша

Жангелдин аудандық мәслихатының
күші жойылды деп танылған кейбір
шешімдерінің тізімі

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы №74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4060 тіркелген, 2013 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
      2. Мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы №144 "Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы №74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4509 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
      3. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қазандағы №194 "Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы №74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5159 тіркелген, 2014 жылғы 2 желтоқсанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи

Решение маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 26 февраля 2015 года № 206. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 19 марта 2015 года № 5442. Утратило силу решением маслихата Жангельдинского района Костанайской области от 18 января 2016 года № 253

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Жангельдинского района Костанайской области от 18.01.2016 № 253 (вступает в силу со дня его подписания).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Джангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Джангельдинского районного маслихата согласно приложению.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      сессии Джангельдинского
      районного маслихата                        Т. Мырзагалиев

      Секретарь Джангельдинского
      районного маслихата                        С. Нургазин

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных программ
      Джангелдинского района"
      _______________________ Л.Зейнекина
      "26" февраля 2015 года

      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел экономики и бюджетного
      планирования Джангельдинского района"
      _______________________Е.Биржикенов
      "26" февраля 2015 года

Утвержден        
решением маслихата    
от 26 февраля 2015 года № 206

Правила оказания жилищной помощи

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Джангельдинском районе, на оплату:
      расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      2. Жилищная помощь оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района" (далее – уполномоченный орган).
      Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в Джангельдинский отдел филиала республиканского государственного предприятия "Центр обслуживания населения" по Костанайской области (далее-ЦОН), либо через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее - портал) с заявлением и представляет документы, указанные в пункте 9 Стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи." утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185.
      3. Уполномоченный орган предоставляет результат оказания жилищной помощи с момента сдачи пакета документов в ЦОН, а также при обращении на портал – 10 (десять) календарных дней.
      День сдачи пакета документов в ЦОН не входит в срок оказания жилищной помощи, при этом уполномоченный орган предоставляет результат оказания жилищной помощи за день до окончания срока оказания государственной услуги.
      4. Жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления и оказывается на текущий квартал, в котором обратился услугополучатель.
      5. Услугополучатель жилищной помощи информирует уполномоченный орган об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера жилищной помощи, а также о случаях ее неверного начисления.
      6. При возникновении обстоятельств, влияющих на размер жилищной помощи, производится перерасчет со дня наступления указанных обстоятельств (за исключением смерти услугополучателя).
      7. В случае выявления несоответствия доходов, представленных услугополучателем, учитываются сведения о доходах, полученных из государственных информационных систем.
      8. В случае смерти одиноко проживающего услугополучателя жилищной помощи выплата жилищной помощи завершается с месяца следующего за месяцем смерти;
      в случае смерти одного из членов семьи услугополучателя жилищной помощи, производится перерасчет с месяца следующего за месяцем смерти;
      прекращение либо перерасчет выплат в связи со смертью производится на основании списка умерших, ежемесячно запрашиваемого уполномоченным органом в органах, осуществляющих регистрацию актов гражданского состояния, или по предоставлению сведений членами семьи.
      9. Разногласия, возникшие по вопросам оказания жилищной помощи, разрешаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

2. Определение размера
оказания жилищной помощи

      10. Размер оказания жилищной помощи определяется уполномоченным органом исходя из совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующего на получение жилищной помощи.
      11. Доля предельно допустимых расходов семьи (гражданина) в пределах установленных норм устанавливается в размере десяти процентов от совокупного дохода.
      12. При назначении жилищной помощи в расчет принимается норма площади:
      1) на одного члена семьи – 18 квадратных метров полезной площади, плюс 9 квадратных метров на семью, для проживающих в многокомнатных жилых помещениях (квартирах);
      для проживающих в однокомнатных жилых помещениях (квартирах) – общая площадь жилища;
      2) для одиноко проживающих граждан - 30 квадратных метров независимо от занимаемой площади, но не более фактической, эта же норма применяется для общежитий.
      13. Нормативы потребления коммунальных услуг, обеспечиваемых компенсационными мерами для потребителей, не имеющих приборов учета, устанавливаются в соответствии с действующим законодательством.
      Если нормативы и тарифы на расходы не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам.
      14. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих приборы учета потребления коммунальных услуг, определяются по фактическим затратам за предыдущий квартал или за последний квартал, в котором услуги оказывались в полном объеме, на основании показаний приборов учета, но не более установленных норм расхода коммунальных услуг для потребителей, не имеющих прибора учета.
      15. Возмещение расходов по оплате электроэнергии производятся из расчета 100 киловатт на одного человека, в общежитиях и в домах с электрической плитой, электрическими водонагревателями 130 киловатт на одного человека, но не более фактических расходов.
      16. Оплата сверх установленных настоящими Правилами норм производится собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилья на общих основаниях.

3. Финансирование и порядок
выплаты жилищной помощи

      17. Финансирование жилищной помощи осуществляется за счет средств соответствующего местного бюджета, а также за счет средств целевых текущих трансфертов (в случае их выделения).
      18. Выплата жилищной помощи осуществляются уполномоченным органом по заявлению услугополучателя жилищной помощи через банки второго уровня, на лицевые счета услугополучателя жилищной помощи, поставщиков услуг, органов управления объектов кондоминиума;
      перечисление денежных сумм на счета производится уполномоченным органом ежемесячно.

Приложение        
к решению маслихата    
от 26 февраля 2015 года № 206

Перечень признанных утратившими силу
некоторых решений Джангельдинского
районного маслихата

      1. Решение маслихата от 18 февраля 2013 года №74 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4060, опубликованное 26 марта 2013 года в газете "Біздің Торғай").
      2. Решение маслихата от 21 февраля 2014 года №144 "О внесении изменений в решение маслихата от 18 февраля 2013 года №74 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4509, опубликованное 1 апреля 2014 года в газете "Біздің Торғай").
      3. Решение маслихата от 24 октября 2014 года №194 "О внесении изменений в решение маслихата от 18 февраля 2013 года №74 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №5159, опубликованное 2 декабря 2014 года в газете "Біздің Торғай").