Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 26.02.2015 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4060 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қостанай облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының Жангелді бөліміне (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";
4-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейін тағайындалатын жылдың бірінші тоқсанын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегiн тағайындау бүкiл жылыту маусымына жүзеге асырылады.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй көмегін қызмет алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (қызмет алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Қызмет алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Жалғыз тұратын қызмет алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап аяқталады.
Тұрғын үй көмегін қызмет алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер негізінде жүргізіледі.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша отбасы (азамат) табысының жалпы сомасынан есептеледі.";
13-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін қызмет алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегін қызмет алушының не қызмет көрсетушілердің немесе кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына тағайындалған сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жангелдин аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрағасы Қ. Рәш
Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы С. Нургазин