Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 253 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы Т. Мырзагалиев
Жангелдин ауданының
мәслихатының хатшысы С. Нургазин
КЕЛІСІЛДІ
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ Л.Зейнекина
"Жангелдин ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________Е.Биржикенов
Мәслихаттың
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 206 шешiмiмен бекiтiлген
Тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы
1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жангелдин ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Жангелдин бөліміне (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізінде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
5. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
6. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.
8. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі;
қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер негізінде жүргізіледі.
9. Тұрғын үй көмегiн көрсету мәселелерi бойынша туындаған келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсету
мөлшерiн анықтау
10. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi, тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негiзге алғанда уәкiлеттi органмен анықталады.
11. Белгiленген нормалар шегiнде отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстан он пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде алаңның нормасы есепке алынады:
1) бiр отбасы мүшесiне – көп бөлмелi тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн пайдалы алаңының 18 шаршы метрi және отбасына 9 шаршы метрiн қосымша;
бiр бөлмелi тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
2) жалғыз тұратын азаматтар үшiн - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшiн де қолданылады.
13. Есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн өтем шараларымен қамтамасыз етiлетiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi.
Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңнамамен белгiленген тәртiпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргiзiледi.
14. Коммуналдық қызметтердi тұтынатын есептегiш құралдары бар тұтынушылар үшін есеп айырысуға қабылданатын шығыстары, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетiлген соңғы тоқсандағы есептегiш құралдардың көрсеткiштерi негiзiнде, бiрақ есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн белгiленген коммуналдық қызметтер шығындары нормаларынан аспайтын нақты шығындармен анықталады.
15. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бiр адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бiр адамға, 130 киловатт есебiнен, бiрақ нақты шығындардан асырмай жүргiзiледi.
16. Осы Қағидамен белгiленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негiзінде жүргiзіледі
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру
және төлеу тәртібі
17. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ нысаналы ағымдағы трансферттер қаражаты есебiнен (олар бөлiнген жағдайда) жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының не қызмет көрсетушілердің немесе кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына тағайындалған сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады;
шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
Мәслихаттың
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 206 шешіміне қосымша
Жангелдин аудандық мәслихатының
күші жойылды деп танылған кейбір
шешімдерінің тізімі
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы №74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4060 тіркелген, 2013 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
2. Мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы №144 "Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы №74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4509 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
3. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қазандағы №194 "Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы №74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5159 тіркелген, 2014 жылғы 2 желтоқсанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).