"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Кенжегарин |
Әкімдіктің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 66 қаулысымен бекітілген |
"Жангелдин ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер1. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
"Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Малдаригер-2011" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
3. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, 4.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегіндегі ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
15. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
16. Функциялары:
1) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
4) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өндеуін ұйымдастырады;
6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;
8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
13) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
15) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
16) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ауданның ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізеді.
17) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
17. Ведомствоның функциялары:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
6) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Құқықтар мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңдары, облыс және аудан әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындау барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтырды және міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру
19. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерін орындауға жеке жауапты болады, энзоотиялық және жануарлардың ерекше қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларға жеке жауапты болады;
2) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлердің өкілетіктері мен міндеттерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату
25. "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.