Қостанай облысы Қамысты ауданы Свердлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 336 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6164 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 27.04.2018 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Свердлов ауылдық округі ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Свердлов ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Орқашбаев
      Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Рахимжанов

  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 336 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қамысты ауданы Свердлов ауылдық округі ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Свердлов ауылдық округі (бұдан әрі – Свердлов ауылдық округі) ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Свердлов ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Свердлов ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3.Бөлек жиынды Свердлов ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Свердлов ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Свердлов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Свердлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Свердлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Свердлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Свердлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Свердлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Свердлов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 336 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қамысты ауданы Свердлов ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

Қамысты ауылы

71

2

Мешітті ауылы

7


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сел Свердловского сельского округа Камыстинского района Костанайской области

Решение маслихата Камыстинского района Костанайской области от 22 декабря 2015 года № 336. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 22 января 2016 года № 6164. Утратило силу решением маслихата Камыстинского района Костанайской области от 27 апреля 2018 года № 163

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Камыстинского района Костанайской области от 27.04.2018 № 163 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Камыстинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества сел Свердловского сельского округа Камыстинского района Костанайской области.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сел Свердловского сельского округа Камыстинского района Костанайской области согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Оркашбаев
      Секретарь Камыстинского
районного маслихата
Б. Рахимжанов

  Утверждены
решением маслихата
от 22 декабря 2015 года № 336

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества сел Свердловского сельского округа Камыстинского района Костанайской области
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества сел Свердловского сельского округа Камыстинского района Костанайской области (далее – Свердловский сельский округ) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел Свердловского сельского округа.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее - раздельный сход) на территории Свердловского сельского округа созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Свердловского сельского округа.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Камыстинского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах Свердловского сельского округа организуется акимом Свердловского сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей сел Свердловского сельского округа, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Свердловского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Свердловского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел Свердловского сельского округа для участия в сходах местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным Камыстинским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей сел Свердловского сельского округа для участия в сходах местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом, персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Свердловского сельского округа.

  Приложение
к решению маслихата
от 22 декабря 2015 года № 336

Количественный состав представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сел Свердловского сельского округа Камыстинского района Костанайской области

Наименование населенного пункта

Количество представителей (человек)

1

село Камысты

71

2

село Мечетное

7