"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Қостанай ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 10 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Т. Исабаев
Әкімдіктің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 369 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Қостанай ауданының аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдер
№ |
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi |
Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
1 |
Жаздық бидай |
15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін |
2 |
Жаздық қатты бидай |
18 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
3 |
Күздік бидай |
25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін |
4 |
Күздік қара бидай |
25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін |
5 |
Сұлы |
15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
6 |
Арпа |
15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
7 |
Тары |
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
8 |
Қарақұмық |
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
9 |
Күнбағыс |
10 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
10 |
Рапс |
20 мамырдан бастап 8 маусымға дейін |
11 |
Зығыр |
12 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
12 |
Мақсары |
10 мамырдан бастап 2 маусымға дейін |
13 |
Қыша |
22 мамырдан бастап 8 маусымға дейін |