Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 10.12.2015 № 255 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Боровское ауылы, Гагарин көшесі, № 2а-үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік жалға беру үйінде коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 47,6 теңге көлемінде төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ә. Садуақасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ. Садуақасов |