Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 04.05.2018 № 200 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 422-бабы 2-тармағына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 7 ақпандағы №205 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4470 тіркелген, 2014 жылғы 13 наурызда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, 1-тармағында және қосымшасында қазақ тілінде "ставкаларын", "ставкалары" және "ставкаларының" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" және "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М. Гизбрехт |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | В. Леонов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Қостанай
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Меңдіқара ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ А. Амантаев