Меңдіқара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 200 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 мамырда № 7784 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Меңдіқара аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2014 жылғы 7 ақпандағы № 205 "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4470 тіркелген, 2014 жылғы 13 наурызда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған;

      2) 2015 жылғы 18 тамыздағы № 340 "Мәслихаттың 2014 жылғы 7 ақпандағы № 205 "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5873 тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы В. Кожуховская
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Арықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай

      облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер

      департаментінің Меңдіқара

      ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ А. Амантаев

      2018 жылғы 4 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Меңдіқара ауданының

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ____________ Ә. Қошанов

      2018 жылғы 4 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады