Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 04.05.2018 № 200 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 340 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабынның 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Меңдіқара ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 340 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | В. Леонов |
КЕЛЕСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
департаментінің Меңдіқара
ауданы бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ К. Сальник
Мәслихаттың 2014 жылғы 7 ақпан № 205 шешіміне қосымша |
Қызметін Меңдіқара ауданы аумағында
жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер
үшін бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 340 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Реттік | Салық салу объектісінің атауы |
Айына бірынғай |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |