Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 12.02.2021 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М. Гизбрехт |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | В. Леонов |
КЕЛIСIЛДI
Введен ауылдық
округінің әкімі
__________ Б. Мұхаметжанова
Мәслихаттың 2015 жылғы 27 қарашадағы № 355 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 12.02.2021 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Введенка ауылының тұрғындарына | 120 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Загаринка ауылының тұрғындарына | 17 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Каменка ауылының тұрғындарына | 6 |
Мәслихаттың 2015 жылғы 27 қарашадағы № 355 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен
ауылдық округінің бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
1. Жалпы ереже
1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Введен ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Введен ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды
өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Введен ауылдық округтің әкімі шақырады.
Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Введен ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Введен ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Введен ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Введен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Введен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Введен ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Введен ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.