Мәслихаттың 2015 жылғы 27 қарашадағы № 355 "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 11 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 ақпанда № 9768 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 355 шешіміне (2015 жылғы 15 желтоқсанда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді:

      "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Тишбаева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Байбулатова

  Mәслихаттың
2021 жылғы 12 ақпандағы
№ 11 шешіміне
қосымша
  Мәслихаттың
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 355 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Введенка ауылының тұрғындарына

120

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Загаринка ауылының тұрғындарына

17

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Каменка ауылының тұрғындарына

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады