Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 07-14/4 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. Бекітілсін:
1) қоса беріліп отырған 2015 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және жағдайлары;
2) айына ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарда істейтін азаматтардың еңбегіне ақы төлеу.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда мыналар анықталсын:
1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) жалақыны төлеу мен аудару бойынша екінші деңгейдегі банктер қызметі үшін комиссиялық сыйақыны төлеуге арналған шығындар қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартпен белгіленген мөлшерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйым арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Берілген қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Е.Н. Тұрабековке жүктелсiн.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәүірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сарыкөл ауданының әкімі Э. Күзенбаев
Әкімдіктің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 208 қаулысымен бекітілген
2015 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және жағдайлары
Рет бой- |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыстардың түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі |
Қоғамдық жұмыстардың жағдайлары |
1 |
"Сарыколь |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Барвинов ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
75 920 |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы қажет; |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Веселый Подол ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
79 521 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Златоуст ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
128 146 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Новое ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
106 234 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Комсомольское ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
79 394 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Ленинградское ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
4 774 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Большие Дубравы ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
89 813 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Маяк ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
134 559 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Сорочин ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
116 395 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Севастополь ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
101 230 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Тағыл ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
100 345 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Тимирязев ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
91 814 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Урожайное ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
150 724 |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Сарыкөл кенті аумағын жинау мен абаттандыруға көмек |
980 695 |
|||
БАРЛЫҒЫ |
2 239 564 |