Сарыкөл ауданында 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 208 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 маусымда № 5664 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 07-14/4 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 07-14/4 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына20-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
      2. Бекітілсін:
      1) қоса беріліп отырған 2015 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және жағдайлары;
      2) айына ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарда істейтін азаматтардың еңбегіне ақы төлеу.
      3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда мыналар анықталсын:
      1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
      2) жалақыны төлеу мен аудару бойынша екінші деңгейдегі банктер қызметі үшін комиссиялық сыйақыны төлеуге арналған шығындар қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартпен белгіленген мөлшерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйым арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      5. Берілген қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Е.Н. Тұрабековке жүктелсiн.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәүірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сарыкөл ауданының әкімі                    Э. Күзенбаев

Әкімдіктің          
2015 жылғы 8 маусымдағы   
№ 208 қаулысымен бекітілген 

2015 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және жағдайлары

Рет бой-
ынша №

Ұйымдардың атауы

Жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қоғамдық жұмыстардың жағдайлары

1

"Сарыколь
ДорСтрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Барвинов ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

75 920
шаршы метр

1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы қажет;
2) еңбек жағдайын және қорғауын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ету, әр жұмыссызбен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша жұмысқа қабілетсіздігі жөнінде әлеуметтік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші және жұмысшының арасында барлық еңбек қатынастарын сақтау;
5) зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнаманы сақтау

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Веселый Подол ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

79 521
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Златоуст ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

128 146
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Новое ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

106 234
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Комсомольское ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

79 394
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Ленинградское ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

4 774
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Большие Дубравы ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

89 813
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Маяк ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

134 559
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Сорочин ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

116 395
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Севастополь ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

101 230
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Тағыл ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

100 345
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Тимирязев ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

91 814
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Урожайное ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

150 724
шаршы метр

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Сарыкөл кенті аумағын жинау мен абаттандыруға көмек

980 695
шаршы метр


БАРЛЫҒЫ


2 239 564
шаршы метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады