Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 11.07.2022 № 197/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" № 42 қаулысына сәйкес Павлодар облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 қыркүйекте "Сарыарқа самалы" газетінде, 2008 жылғы 27 қыркүйекте "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланды) № 219/8 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспедегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. К. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы | |
Бойынша тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау | |
департаментінің басшысы | Е. Камелев |
2015 жылғы "30" қаңтар | |
Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі | |
Ертіс бассейндік инспекция | |
басшысының орынбасары | Қ. Баймағамбетов |
2015 жылғы "30" қаңтар |