Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедедгі № 197/2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 шілдеде № 28834 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына  сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік

      инспекциясы" Республикалық

      мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитетінің Павлодар

      облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау

      комитетінің Павлодар облысы

      бойынша департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 197/2 қаулысына
1-қосымша

Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы әкімдігінің 10.06.2024 № 145/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

Р/с №

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау аймағының ауданы (гектар)

Су қорғау белдеуінің ауданы (гектар)

Су қорғау аймағының ені (метр)

Су қорғау белдеуінің ені (метр)

Павлодар қаласы

1

Ертіс өзені

Павлодар қаласы-оң жағалау

554

5666

105-4270

35-3210

2

Ертіс өзені

Павлодар қаласы-сол жағалау

58

3032

4293-5785

4223-5715

3

Қара Бидайық көлі

Павлодар қаласы

396,0150

26,6590

500

35

Павлодар қаласының ауылдық аймағы

4

Мойылды көлі

Мойылды ауылы

163,4

16,6

300

35

Екібастұз қаласының ауылдық аймағы

5

Шідерті өзені

Шідерті ауылы

16,9634

1,1789

500

35

6

Темірастау өзені

Төрт-Құдық ауылдық аймағы

554,3658

44,8152

254-500

35

Ақсу қаласының ауылдық аймағы

7

Ертіс өзені

Ақсу қаласының ауылдық аймағы

1242

59517

105-14290

35-13240

Ақтоғай ауданы

8

Ертіс өзені

Ақтоғай ауданы

8400

43997

115-11335

35-8200

Железин ауданы

9

Ертіс өзені

Железин ауданы

5700

8253

216-8232

36-7081

Ертіс ауданы

10

Ертіс өзені

Ертіс ауданы

11100

41842

59-8960

35-6265

Май ауданы

11

Ертіс өзені

Май ауданы

13500

73848

950-11926

880-10676

12

Кемертұз көлі

Май ауданы

103

21,8

500

100

13

Ащысу өзені

Май ауданы

162,7

16,3

500

55

Аққулы ауданы

14

Ертіс өзені

Аққулы ауданы

1000

44498

67-12332

35-11326

15

Тұз көлі

Аққулы ауданы

1259

195

500-1300

100

Тереңкөл ауданы

16

Ертіс өзені

Тереңкөл ауданы

9600

29323

45-11595

38-9210

Павлодар ауданы

17

Ертіс өзені

Павлодар ауданы

9046

55549

51-14002

35-10699

18

Маралды көлі

Павлодар ауданы

852,1

71,1

500

35

Баянауыл ауданы

19

Біржанкөл көлі

Құндыкөл ауылдық округі

81,5

7,5

500

35

20

Сабындыкөл көлі

Баянауыл ауылдық округі

495,6

37,7

500

35

21

Ақсор көлі

Баянауыл ауданы

212,4

23,88

300

35

Шарбақты ауданы

22

Маралды көлі

Шарбақты ауданы

1006,4

80,3

500

35


  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 197/2 қаулысына
2 – қосымша

Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 197/2 қаулысына
3 – қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөль, Торайғыр, Маралды, және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 92/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 болып тіркелген).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 25/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4321 болып тіркелген).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 313/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4837 болып тіркелген).

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 63-1/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады