Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі субсидия көлемдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Павлодар облысының аудандары мен қалаларына ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөніндегі субсидия көлемдерін анықтау туралы" № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3838 болып тіркелді, 2014 жылғы 1 мамырда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды).
"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы шешімнің Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімінің 2015 жылғы 26 мамыр № 3 шешіміне қосымша |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi
2015 жылға арналған субсидия көлемдері
Р/с № | Аудандар мен қалалар атауы | Суару түрлері бойынша критерийлер | 1 текше метрге субсидиялар көлемі (бекітілген тарифке %-бен) | Төленуі тиіс субсидия көлемі, (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақсу қаласы | Механикалық көтерумен жаңбырлату. Екі жақты механикалық су көтергіш | 70 80 | 129000000 |
2 | Павлодар ауданы | Механикалық көтерумен жаңбырлату | 70 | 44000000 |
3 | Екібастұз қаласы | Екі жақты механикалық су көтергіш | 80 | 27000000 |
| Жиыны | | | 200000000 |