Павлодар облысының аудандары мен қалаларына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі субсидия көлемдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда № 3838 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 26.05.2015 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 4 сәуiрдегi № 237 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiнің 8-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Павлодар облысының аудандары мен қалаларына ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөніндегі субсидия көлемдері осы шешімінің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

  Павлодар облысы әкімінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 3 шешіміне
қосымша

Павлодар облысының аудандары мен қалаларына ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi субсидия көлемдері

Р/с №
Аудандар мен қалалар атауы
Суару түрлері бойынша критерийлер
1 текше метрге субсидиялар көлемі (бекітілген тарифке %-бен)
Төленуі тиіс субсидия көлемі, (теңге)
1
2
3
4
5
1
Ақсу
Механикалық көтерумен жаңбырлату
Екі жақты механикалық су көтергіш
70
 
80
129000000
2
Павлодар
Механикалық көтерумен жаңбырлату
70
44000000
3
Екібастұз
Екі жақты механикалық су көтергіш
80
27000000
 
Жиыны
 
 
200000000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады