Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі 2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 235/7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3911 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда "Звезда Прииртышья" және 2014 жылғы 19 тамызда "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
преамбулада "Білім туралы" Заңының 6 бабы 2 тармағының 8) тармақшасына" деген сөздерден кейін келесі мазмұндағы ", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 23 шілдедегі "Эксперимент тәртібінде "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын енгізу туралы" № 417 бұйрығына" деген мәтінмен толықтырылсын;
1-қосымша 46-1-жолмен толықтырылсын:
"
46-1 | эксперимент тәртібінде "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат | 25 | - |
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
"эксперимент тәртібінде "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар медициналық колледжі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында орналастыруды;
аумақтық әділет органдарында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
аумақтық әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркегеннен кейін, он күнтізбелік күн ішінде, бұқаралық ақпарат құралдары және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жолдау;
Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктеледі.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |