Павлодар облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 221/8 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ;
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі "2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 235/7 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 155/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4566 болып тіркелді, 2015 жылғы 4 шілдеде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады